сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Жібек Құламбаева Тунисте өткен турнирде жеңімпаз атанды

/
Sports.kz
Ол нидерландылық Жасмин Гимбреремен барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Хаммамет (Тунис) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен нидерландылық Жасмин Гимбрере барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде жартылай финалда эквадорлық Мария Фернанда Эрасо Гонсалес — алжирлік Инес Иббуді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Соңғы бәсекеде Жібек Құламбаева – Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Бөлісу: