Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне биледі (ВИДЕО)

Бейнежазбаға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне биледі (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде Жүрсін Ерманның құдасы Аданом Гебрейесустың отандық әнші Ұланғасыр Қамиевтің әніне билеген видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Видео кейбір желі қолданушыларына ұнаған. Ал енді бірі көңілінен шықпағанын айтып отыр.

«Әп-әдемі сүйкімді балапан, қазақтар былшылдай бермесін. Үлкен жігіт бол! Атасы да жақсы биші екен», «Баланың көзі қазаққа ұқсапты», «Мақтанарлық жағдай емес», «Көз тимесін», - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың ұлы Эммануэль ақын Жүрсін Ерманның Ардақ деген қызынан туған жиені Айданаға үйленген. Айданамен отау құрған болатын.