Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына бриллиант сыйлайтынын мәлімдеді

Айнұр Тұрсынбаева бір күн бұрын оқырманға ой саларлық жазба жариялады. Сол жазбаға бір тәулікте 800-ге жуық адам пікір қалдырған.

Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына бриллиант сыйлайтынын мәлімдеді
Сурет: stan.kz

Айтыскер айқын бұл жайында Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Көңіл күйлеріңіз қалай? Өздеріңізді қадірлеңіздер... Көздеріңізді жамандықты көруден, құлақтарыңызды жамандықты естуден сақтаңыздар... Энергияңызды төмендетпеңіз... Адам 10 қасық тамаққа толық тояды, қатты тойып тамақ ішпеңіздер... Барлық қиындық уақытша, өтеді де кетеді... Болашағыңыз туралы жақсы ойлаңыз... Қандай үйде тұрып жатқаныңызды елестетіңіз... Өзіңіз туралы ешқашан жаман ойламаңыз... Сонда айналаңыздың да сізге деген көзқарасы өзгеріп кетеді... Сіз барлық бақытқа лайықтысыз...!
Әдемі пікір жазған бір қызға бриллиант әшекей сыйлаймын», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.