Мемлекет басшысы Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанды

Мемлекет басшысы Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.