1043
Атырауда полицейлер өртке оранған үйден 60 адамды эвакуациялады
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ
Атырауда көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
ІІМ ақпаратынша, төтенше жағдай 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында болған.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке жүгірген.
Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыпталып қалған пәтердің есігін бұзып, екі қарияны қауіпсіз жерге шығарды.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.