Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ашылды

"Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы - Державинск қаласы учаскесі)

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ашылды
tengrinews.kz

2024 жылғы 21 сәуірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс ашылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облысы:

"Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы - Державинск қаласы учаскесі).

Қостанай облысы:

"Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласы - Ақмола облысының шекарасы учаскесі).

Солтүстік Қазақстан облысы:

"Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы" автомобиль жолының 17-72 шақырымында (Якорь ауылы - Қызылжар бақылау-өткізу пункті учаскесі).