Қызылорда облысында өрттен 60 адам эвакуацияланды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қызылорда облысында өрттен 60 адам эвакуацияланды
Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Қызылорда облысы Арал ауданындағы олимпиада білім беру орталығы өртеніп, тілсіз жаудан 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

13 сәуір күні сағат 04.27-де Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі "Қамбаш олимпиада білім беру орталығы" моншасында өрт шыққан. Онда ішкі ағаш қаптамалары жанған.

Орталықта болған 60 адам өз күшімен эвакуацияланды. Өрт сағат 05.40-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті және департаменттің жедел-құтқару жасағынан 12 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеді, - делінген хабарламада.