Астана қаласында терминалды тепкен ер адам қамауға алынды

Құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды

Астана қаласында терминалды тепкен ер адам қамауға алынды
Sputnik / Владислав Воднев
649

Елордада вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жалғасуда. Кезекті вандалдар табылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Орынбор көшесі, 9 мекенжайы бойынша 41 жастағы азамат бейнебақылау камерасына қасақана зақым келтірді. Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша ер адам кінәлі деп танылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Осындай жағдай 23 наурызда сағат 9:20-да болды. Мәселен, 33 жастағы азамат мас күйінде, "Азия Сити" СҮ бойынша Абылайхан даңғылы, 27/3-те төлемдерді қабылдау терминалын теуіп, зақымдады. Құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.

Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды қорлағаны үшін 90-ға жуық адам жаза алды. Барлық құқықбұзушылар жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары