Ақтөбе облысында жарылыс болды

Өрт сөндірушілер АГҚС-дағы өртті сөндірді.

Ақтөбе облысында жарылыс болды
видеодан скриншот

Бүгін кешкі уақытта Ақтөбе облысының Ойыл ауылында жанармай құю станциясының аумағында жерасты газ цистернасы жарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

 Салдарынан жанармай құю станциясының жанындағы ғимараттың шатыры жанып кетті.

500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 22:00 кезінде сөндірілді. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт газ жабдығын пайдалану ережесінің дұрыс сақталмауынан шыққан.