871
Атбасар қаласын да су басып, ауданда төтенше жағдай жарияланды
11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзені тасыды.
Жабай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқыны болды.
Атбасар ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылғы 11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзені тасыды.
«Барлық ескерту жүйесі дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.