Алматы облысында білім беру ұйымы басшылары 134 млн теңге жымқырған

Қылмыстық іс материалдары облыстық прокуратурамен сотқа жолданды.

Алматы облысында білім беру ұйымы басшылары 134 млн теңге жымқырған
rus.azattyq-ruhy.kz
927

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданының 7 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, олар 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жалған орындалған жұмыстар актілерін беру арқылы жалпы сомасы 134 млн теңгеден аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

«Сотқа дейінгі тергеумен аталған мектепке дейінгі ұйымдардың іс жүзінде тек құжаттар бойынша бар екені анықталды. Қылмыстық іс материалдары облыстық прокуратурамен сотқа жолданды», - делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, жеке өндіріспен «ҚР ДСМ СЭБК Алматы облысының СЭБД Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ 4 лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

«Жоғарыда аталған мекеменің мамандары іс жүзінде жұмыс істемейтін балабақшалардың басшыларына мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға негіз болған жалған қорытындылар берді. Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары