«Шеврон» су басқан аймақтарға 3 млн АҚШ долларын бөледі

Бұл туралы «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс мәлім етті.

«Шеврон» су басқан аймақтарға 3 млн АҚШ долларын бөледі
ТЖМ
702

«Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.

«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанға су тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмек беруге дайын. Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін осы ресурстардың қажет екенін түсінеміз, - деді «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. 

АЙта кетейік, 30 жыл бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

Серіктес жаңалықтары