Атырауда волонтерлер тұрғындарға гуманитарлық көмекті үлестіреді

Арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктіне азық-түлік, қайық, жылу генераторлары келіп жетті

Атырауда волонтерлер тұрғындарға гуманитарлық көмекті үлестіреді
Ашық дереккөз

Атырау облысында волонтерлер гуманитарлық көмекті тұрғындарға үлестіреді, деп жазады turkystan.kz.

Арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктіне азық-түлік, қайық, жылу генераторлары келіп жетті. Волонтерлен оларды сұрыптап, мұқтаж азаматтарға табыстайтын болады.

Сондай-ақ Атырау мен Маңғыстау волонтерлері құм қапшықтарды дайындап, бөгеттерді қойып жатқан азаматтарға тамақ, бәліш пен шәй таратты.