Бүгін ауа райы қандай болады?

7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?
astanatv.kz

«Қазгидромет»  7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады.

Тек солтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, найзағай ойнайды.