Бишімбаев қандай жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылатыны белгілі болды

Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы судья мен алқабилердің бірауыздан шешімі болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін

Бишімбаев қандай жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылатыны белгілі болды
sputnik.kz
1695

Экс-министрге қылмыстық кодексінің екі бабы "аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" және "азаптау" бойынша айып тағылған, деп жазады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, бірінші бап бойынша ең төменгі жаза – 15 жылға бас бостандығынан айыру, ең жоғарғысы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы.

15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы үшін шешімге сегіз немесе одан да көп дауыс беруші (соның ішінде судья) жақтап дауыс беруі қажет. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы судья мен алқабилердің бірауыздан шешімі болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін, – делінген жоғарғы сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары