Әлемнің кез келген нүктесіне 1 сағатта жеткізеді: Alibaba тауарларды зымыранмен жібермек

Жобаға инвесторлар 41,5 миллион доллардан астам қаржы құйған.

Әлемнің кез келген нүктесіне 1 сағатта жеткізеді: Alibaba тауарларды зымыранмен жібермек
сурет: en.softonic.com

Alibaba тауарларды әлемнің кез келген нүктесіне 1 сағатта жеткізбек. Бұл туралы South China Morning Post жазды. 

Alibaba және Space Epoch стартапы 10 тонна жүк тасымалдай алатын, қайта пайдалануға болатын зымыран қозғалтқышн сынақтан өткізіп жатыр. XZY-1 деп аталатын зымыранның сыйымдылығы - 120 шаршы метр.

Жобаға инвесторлар 41,5 миллион доллардан астам қаржы құйған.