896
Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды
Жауаптылар түнде ауыл тұрғындарын аудан орталығындағы мектептерге эвакуациялады.
Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Тасқын су түнде Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекеніне жеткен, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Жауаптылар түнде ауыл тұрғындарын аудан орталығындағы мектептерге эвакуациялады. Осыған орай балалар қашықтан оқуға көшірілді. Қарағай елді мекенінде 40 шақты үй бар.
Сондай-ақ Құлсары қаласындағы Болашақ ықшам ауданының тұрғындары да қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Аудан тұрғындары мен төтенше жағдай қызметкерлері күні-түні тынбай жұмыс істеп жатыр. Кеше облыс орталығынан 50 шақты сарбаз ауданға көмекке барды. Аудандық штаб жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады.