Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей рейс ашылды

Somon Air әуекомпаниясының Душанбе - Астана - Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейсі орындалды.

Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей рейс ашылды
Фото Somon Air әуекомпаниясының баспасөз қызметінен алынды

2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды. Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана-Душанбе бағыты бойынша ұшуларды Somon Air әуе компаниясы аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Б-737 үлгісіндегі әуе кемесінде орындайтын болады.

Әуе бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.