Балалар үйін салуға халық жинаған еді: Танымал блогер алаяқтарға алданып қалғанын айтты

Ол бұл қаражатты балалар үйін салуға жұмсамақ болған.

Балалар үйін салуға халық жинаған еді: Танымал блогер алаяқтарға алданып қалғанын айтты
altyn-orda.kz
1155

Танымал блогер Айдын Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында алаяққа тап болғанын айтты. Айдынның айтуынша, ол бұл қаражатты балалар үйін салуға жұмсамақ болған. 

"...Мен 28 миллионға жалғызбасты қазақ әйелге алданып отырмын. Балалар үйін салуға деп жиналған халық аманаты 17 миллион ақша мен жігітімнің ата-анасына көлікке деп беріп қойған бастапқы 10 миллион еді. Балалар үйінің ақшасын "еселеп, көбейтіп аламын" деп "айым, күнім" деп айтқан, басында тауарды дұрыс жіберіп отырып, ақшасын кейін алып, сенімге кіріп, кейін бірден 10.000 тауарды каргомен жіберсең, арзанға жеткізіп беремін деп ақшаны жібере бер деді. Мен жартысын жібердім, 10 наурызда келуі керек тауарды әлі көрмедім. Ақша жіберуді тоқтатып, тауар неге әлі жоқ деп сұрай бастасам, сылтауы көп. Енді ақшаны қайтар деп күніге қақсап отырмын. Анамның шыдай тұр, қазір Ораза деп отырғаны болмаса, ашуым қара қазандай. Әрине, заң бойынша бүкіл дәлел бар. Тек осындай жағдайға жеткізгені іштей өртеп барады", – делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары