1540
Жаңбыр, тұман: 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер еліміздің аумағында 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Белгілі болғандай, өңірлердің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
ҚР бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста — көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста — жел күшейюі мүмкін, - делінген ақпаратта.