Кабирхан мен қазақтан шыққан тұңғыш жокей Бауыржан Мырзабаев қатысатын Dubai World Cup турнирін қайдан көруге болады?

Тартысқа толы бәсекені тікелей эфирде көруге болады

Кабирхан мен қазақтан шыққан тұңғыш жокей Бауыржан Мырзабаев қатысатын Dubai World Cup турнирін қайдан көруге болады?
www.instagram.com/bauyrzhanmurzabayev

Ертең, 30 наурызда Dubai World Cup 2024 сайысына атақты Кабирхан мен қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық спорт Қауымдастығына сілтеме жасап.

Бауыржан жапониялық Dura Erede атты сәйгүілікті тізгіндейді. Ал Кабирхан болса ирландиялық жокей Пэт Доббспен бірге өнер көрсетеді.

Дубайдағы бәйгені "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы: сағат 16:00.