Еліміздегі бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 27 наурызда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жариялады.

Еліміздегі бес өңірде дауылды ескерту жарияланды
Turkystan.kz
1345

Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашынның болу болжамына сәйкес, 2024 жылы 27-29 наурыз аралығында сай-салада судың көптеп жиналуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. 

2024 жылы 27-29 наурыз аралығында қатты жауын-шашынның болу болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы аудандары мен және тау бөктеріндегі сай-салада судың көптеп жиналуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Ақтөбе мен Ақтөбе облысындағы барлық өзеннің кенерінен асу қауіпі бар! Белгіленген мөлшерден асқан кезде өзеннің төменгі ағысында орналасқан елдімекендерді, шаруашылық нысандарды, жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі туындауы мүмкін. 2024 жылы 29-31 наурыз аралығында өңірде күндіз ауа температурасының күрт көтеріліп, жаңбыр жаууы болжанады, сондай-ақ қардың жылдам еруінің жалғасуына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі, ал өзен бассейнінде сең жүріп, мұз кептелісі туындауы мүмкін.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, Жезқазғанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Серіктес жаңалықтары