Арқалықта 12 жеке тұрғын үйді су басып қалды

Төтенше жағдай Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде болған.

Арқалықта 12 жеке тұрғын үйді су басып қалды
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қардың қарқынды еруі салдарынан Арқалықтың бірнеше ауданын су басты.

Атап айтқанда, 20 аула аумағы, соның ішінде 12 тұрғын үй су астында қалды. Төтенше жағдай Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде болған.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде, - делінген ведомствоның хабарламасында.