Мұнайлы ауданында жол апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.

Мұнайлы ауданында жол апатынан екі адам қаза тапты
Маңғыстау облысы ПД

Қайғылы жол апаты Мұнайлы ауданындағы «Южный» автожолында 24 наурыз күні болды.

Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.

«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lexus» көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан «Kia» көлігінің екі жолаушысы мерт болды», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.