Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Алдын ала болжам бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды (ВИДЕО)
Lada.kz

Аталмыш оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданның 34-ші үйінде болған. Ер адамның денесі жапсыра салынған үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде бейнежазба пайда болды. Кадрларда тіршілік белгісі жоқ ер адамның денесі бейнеленген.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.