Еуро-2025: Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда ойсырай ұтылды

Бүгін ересектер құрамасы ғана емес, жастар құрамасының да жолы болмады.

Еуро-2025: Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда ойсырай ұтылды
ҚФФ

Пейсли (Шотландия, Ұлыбритания) қаласында жастар арасындағы Еуро-2025 жастар цикліне іріктеу кездесуінде Қазақстан құрамасы тағы да жеңіліс тапты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Сырт алаңда Шотландиямен кездескен жас футболшылар 4:1 есебімен есе жіберді.

Енді келесі ойында қазақстандықтар Венгрия командасына қарсы ойнайды. Бұл ойын 26 наурызда Алматы қаласында өтеді.

Жастар құрамасы бес ойын нәтижесі бойынша үш ұпай жинап, В тобында төртінші орынға табан тіреп тұр.

Айта кетейік, бүгін ересектер құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында сырт алаңда Грекия командасынан 5:0 есебімен жеңіліп қалған болатын.