V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы билеті сатылды

Аталған спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні Астана қаласында өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы билеті сатылды
«Қазақ күресі» федерациясы

Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қыркүйек айында Астанада өтетін қазақ күресі жарысының алғашқы билетін сатып алды, деп хабарлады turkystan.kz федерацияға сілтеме жасап.

Бүгіндері қазақ халқының төл күресі – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытуда.

Аталған спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.