874
Жаңбыр жауып, тұман түседі: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, кей уақыттарда жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік жартысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ертең ел бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.