Дина Төлепберген ұлының сырқаты жайлы сырын ақтарды

Бұл жағдай журналистің "Астарлы ақиқаттан" кетуіне ықпалын тигізген

Дина Төлепберген ұлының сырқаты жайлы сырын ақтарды
Stan.kz
1159

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет үлкен ұлының сырқаты туралы жан сырын ақтарды. БАҚ өкілінің тұңғышына бастапқыда қатерлі ісікке күдік бар екенін айтқан. Бұл жағдай журналистің "Астарлы ақиқаттан" кетуіне ықпалын тигізген, деп жазады turkystan.kz.

NUR.KZ сайтының мәліметінше, Дина Төлепберген өзі 13 жыл бойы жүргізген "Астарлы ақиқаттан" ұлы үшін кеткенін мойындады. Тележүргізушінің баласына ауыр диагноз қойылған. БАҚ өкілі басынан өткен қиын кезең жайлы "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді. 

"Біз басқа үйге көшкелі үлкен ұлымның мұрнынан жиі қан аға бастады. Мен ол кезде жаңа үй, жаңа мектеп салдарынан сәл күйзелісте жүрген шығар деп ойлап қалдым. Десе де дәрігерге барып қаралдық. Бізге тиісті ем жазып берді. Бірақ оны қабылдасақ та, қан тоқтар емес. Бір күні ұлымның денесі біреу тепкілеп тастағандай көгеріп кеткенін байқап қалдым. Сол түні мұрнынан өте көп қою қан ағып бастады. Бірден жедел жәрдем шақырттым. Оны жансақтау бөліміне алып кетті. Тромбоциттері 7 мың, одан кейін 4 мың болып кеткен. Ал дені сау адамдарда ол 180-300 мың болуы керек. Ауруханада да қаны тоқтамады. Түкірсе де қан шығып жатты. Тек құлағынан ғана ақпады. Дәрігерлер "онкология шығар" деп айта салды. Мен сенген жоқпын. Ертесіне тромбоцитопения пурпура деген дигноз қойылды. Үш апта ауруханада жаттық. Бірақ баламның бұл дертке қалай тап болғанын әлі де түсінбедік. Ауруханадан шыққан соң үлкен гормоналды терапиядан өттік. Ол өте қорқынышты. Өте көп дәрі ішті", - деді тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары