Алматыда тубдиспансерден науқас қашып кетті

Ауруханада пациенттерге бақылау жүргізіледі.

Алматыда тубдиспансерден науқас қашып кетті
t.me/zhest_kz_official
819

Алматыда тубдиспансердің дуалын аттап, сыртқа қашып бара жатқан науқастың суреті желіге шықты, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz-ге сілтеме жасап.

Желіге шыққан ақпаратқа сәйкес, Алматы туберкулез диспансерінің науқастары сыртқа еркін шығып, көшеде қыдырып жүреді. 

«Бұл жерде балабақша мен дүкендер бар. Жергілікті тұрғындар шара қабылдауды талап етеді», - делінген видеодағы жазбада.  

Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының әкімшілігі аталған оқиғаға қатысты стационар комиссиясы науқасты тексеріп, онымен әңгіме жүргізгенін, сондай-ақ, аурухана режимін сақтамағаны жөнінде хаттама толтырылғанын хабарлады.

«Ауруханада пациенттерге бақылау жүргізіледі, барлық қызметкерлерге пациенттерді қажет болған жағдайда ғана өткізу туралы нұсқау берілген. Сондай-ақ, Дегдар көшесі, 45 мекенжайында орналасқан Фтизиопульмонология орталығына туберкулездің жұқпалы және жұқпалы емес түрімен де науқастар түсетінін айту керек. Екі апталық емдеуден соң науқастар басқа адамдарға қауіп төндірмейді, олар амбулаторлық ем ала алады», - деп жауап берді аурухана әкімшілігі.

Сондай-ақ аурухананың мәліметінше, бактериялық бөлінуі жоқ пациент қажеттілігі бойынша рұқсат қағазы арқылы сыртқа шығуына мүмкіндігі бар екенін хабарлады.

«Егер науқаста бактериялық бөліну жалғасса, аумақтан сыртқа шығуға рұқсат етілмейді. Десек те, режимді бұзушылар кездеседі. Әр науқас стационарға түскен кезде олармен ауруханалық режимді сақтау жөнінде әңгіме жүргізіледі», - деп хабарлады Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының әкімшілігі.

Серіктес жаңалықтары