Қостанай облысында ауыл әкімі суицид жасаған

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қостанай облысында ауыл әкімі суицид жасаған
tobolinfo.kz

19 наурыз күні Қостанай облысындағы үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды.

Tobolinfo.kz сайтының ақпартынша, ер адам Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев және шенеунік өз-өзіне қол салған.

Қостанай облысының полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанын растады. Алайда марқұмның кім екені туралы ақпарат берілмеген.

«Ұзынкөл ауданындағы бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.

Заңға сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпарат жария етілмейді.