Жазасын өтеушілер гамбургермен түстенеді

Жазасын өтеушілер гамбургермен түстенеді

Жазасын өтеушілер гамбургермен түстенеді
ашық дереккөзі
Германия жеріндегі Бергиш Гладбах қалашығында жазасын өтеуші қылмыскерлер түрме ботқасының орнына фастфуд компаниясының гамбургері мен чизбургерін жейді екен.
Олар тез пісірілетін тағамнан күніне жалпы бағасы 4 еуроға дейін жететіндей етіп тапсырыс бере алады. Мұның барлығына McDonald's компаниясының осыған дейін қызмет көрсетіп келген аурухананың уағдаластықты бұзғаны себеп болды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Бір қызығы, түрме халқы қандай фастфудтың қай түрін қалайтынын жазып берген соң, жазасын өтеушілерге тамақты күзетші офицерлер әкеліп береді екен. Ал фастфуд сататын орынның тәулік бойы жұмыс істейтіні түрме басшылығының көңілінен шыққан екен.