1115
Астаналық жастар Ұлттық киім күніне орай челлендж бастады (ВИДЕО)
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Астанада наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордамыздағы жастар ұйымдарымен бірге Қазақстан халқының Ұлттық киімдерін кеңінен дәріптеу мақсатында челлендж бастады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын "индикаторы" ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.