Астанадан Үржарға тікелей әуе рейсі ашылады

Рейстер аптасына 4 рет жиілікпен орындалады.

Астанадан Үржарға тікелей әуе рейсі ашылады
flyqazaq.com

QAZAQ AIR 1 маусымнан бастап Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстерін ашады.

Абай облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес QAZAQ AIR әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді іске қосады: 

Астана – Үржар – Астана және Алматы – Үржар – Алматы. 

Рейстер аптасына 4 рет жиілікпен жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде келесі кесте бойынша орындалады: 

Сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері: 

IQ 505 Астана (08:25) - Үржар (10:10) 

IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10) 

IQ 363 Алматы (12:40) - Үржар (14: 00) 

IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10). 

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады. QAZAQ AIR жоғары халықаралық және ұлттық үшу қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қолжетімді өңіраралық әуе тасымалын қамтамасыз етіп келеді. Мұндай бағыттарға сұраныстың артуы – ел өңірлерінің туризм мен іскерлік белсенділігінің жоғары әлеуетін көрсетеді, - делінген хабарламада.