809
Көп ұзамай Еуропада салықты криптовалютамен төлеу мүмкін болмақ
Қазір Еуропада Швейцария криптовалютаны дәстүрлі банк жүйесіне енгізуде көш бастап тұр.
Көп ұзамай Еуропада салықты криптовалютамен төлеу мүмкін болмақ. Сандық валютамен салық төлеу Швейцарияда қазірдің өзінде тәжірибеге енді. Аталған ел Еуропадағы дәстүрлі банк жүйесіне криптовалютаны енгізу "жарысын" бастады. Бұл туралы euronews.com жазды.
Қазір Еуропада Швейцария криптовалютаны дәстүрлі банк жүйесіне енгізуде көш бастап тұр: бұл елдің кей тұрғындары енді криптовалютамен кофе сатып алып қана қоймай, салық та төлей алады.
Бұл үрдісте басқа да елдер алға жылжып келеді. Сонымен қатар, криптоактивер нарығы 2025 жылғы 1 қаңтарда криптоактивтер нарығы туралы арнайы ереже (MiCAR) күшіне енген кезде кеңінен реттелмек.