Анна Данченко көңіл жарастырған бұрынғы жігітін сотқа бермекші

Ол сотқа жүгінуден басқа амалы қалмағанын айтты.

Анна Данченко көңіл жарастырған бұрынғы жігітін сотқа бермекші
Анна Данченко. Фото: instagram.com/ann_2905
1735

Танымал тележүргізуші Анна Данченко бұрынғы жігітінен қарыз ақшасын ала алмай жүргенін айтып, енді соттың көмегіне жүгінетінін мәлім етті.

«Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын кездескен жігітім ағасының емі үшін қарызға ақша сұраған. «Екі аптадан кейін қайтарамын» деді. Ол кезде бірге едік. Арада екі жыл өтті.

Жақында анамның еміне қажет деп, ол ақшаны қайтаруын сұрадым. Менің анамның денсаулығына бас қатырмайды екен. Әкемді жерлейтін кезде де, өз ақшамды сұрағанмын. Қайтармады. Енді сұрасам, мені қорқыта бастады. Ер адамның маған қарыз болуы және мені қорқытуы қалыпты жағдай ма? Нағыз ер-азамат солай істейді ме? Иә, мен – әйелмін, табиғатымнан әлсізбін. Бірақ мені қорлауына жол бермеймін. Маған мықты заңгер, қорғаушы керек. Сотта кездесеміз дедім. Күлді. Маған қазір анамның денсаулығы маңызды. Сол үшін соңына дейін барамын. Ол ақшаны адал еңбегіммен тапқанмын. Ешқашан, ешкімге қарыз бермеңіздер», – деп жазды тележүргізуші.

Одан кейін бұрынғы жігіті журналистке жауап беретінін жеткізген. Журналистің айтуынша, ол жігітті жақындарының бәрі танитын көрінеді.

“Саған да жауап беремін. Жақсы болғанын қалап едім. Енді қызық болады”, – деп жазған бейтаныс жігіт. 

Серіктес жаңалықтары