Мақпал Жүнісова Қостанай қаласының мәдениет басшылығына өкпесін айтты
Өнер иесі солтүстік өңірлердің аудан-ауылдарын аралап, концерт қойып жүр.
Қазақстан Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанай қаласына гастрольдік сапармен барып, өңір басшылығына ренжіп кеткенін жеткізді.
Өнер иесі солтүстік өңірлердің аудан-ауылдарын аралап, концерт қойып жүр.
«Қостанайлықтар, концерт керемет өтті. Келген көрерменге алғыс айтамын! Әсіресе ақ рояль маған қатты ұнады. Бірақ, өңірдің мәдениет басшысы концертке келмеді. Бізге бір кесе шай да бермеді. Ал Қостанай жұртшылығына ризамын! Бірақ бастықтарыңды алып тастаңдар!», – деді өнер иесі.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, өңірді қонақжайлықтан алыс деп айыптады.
«Бастықтардың тірлігі ұят болған екен», «Домбыраңызбен артынып-тартынып келіп едіңіз», «Осы күнге дейін жас әншілерді керемет күтіп еді, сіздей халық әртісін күтпей қалуы мүмкін емес», «Әртіс келгенде әкімнің өзі күтіп алатын жөні бар», - деп жазып жазды оқырман.