Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды.

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Алматы әуежайы . Фото: airastana.com

Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған.

Жағдай тұрақталғаннан кейін әуежай әуе кемелеріне көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын кезекпен қызмет көрсетуді жандандырды. Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды.

Бірінші кезекпен кешіктірілген рейстерге қызмет көрсетілгендіктен, ұшып келген ұшақтар тұрақ орындарының босағанын күтіп тұрды. 

Сондай-ақ жұмысқа барлық жолаушылар баспалдақтары іске қосылғанын хабарлаймыз. Баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған, - дейді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.