Қостанай облысында 3 балықшы қар құрсауында қалып қойған

Оқиға Сарыкөл ауылынан 6 шақырым жерде болған.

Қостанай облысында 3 балықшы қар құрсауында қалып қойған
ТЖМ

15 наурыз күні сағат 00-37-де Сарыкөл ауылынан 6 шақырым жерде Сарыкөл көлінің маңында жеңіл автокөлік жолаушылары қар құрсауында қалды.

ТЖД құтқарушыларымен жеңіл автокөліктен 3 балықшы құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады.