Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды

Кейінгі кезде қайырымдылықпен айналысып жүрген болатын.

Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды

Қырғыз Республикасында танымал КВН ойыншысы қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

"Азия MIX" КВН командасында Маратик деген есіммен өнер көрсеткен белгілі КВН Марат Жұманалиев қайтыс болды.

Марат 43 жаста еді. Ол – бокстан Қырғыз Республикасының екі дүркін чемпионы. Дегенмен ол "Азия MIX" командасының құрамында КВН-ға қатысып, ел ішінде кеңінен танылды.

Кейінгі кезде қайырымдылықпен айналысып, түрлі қайырымдылық жобаға бастамашы болып жүрген еді.