Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?

Қала тұрғындары мен қонақтары 200-ге жуық мерекелік шараға қатыса алады.

Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
Turkystan.kz

Астана қаласының әкімдігі Наурыз мейрамына арналған шараларды жариялады.

Қала тұрғындары мен қонақтары сан алуан концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға, жалпы 200-ге жуық мерекелік шараға қатыса алады.

14 наурыз - Көрісу күні

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында "Сол бір кез" ретро концерті;

"Жастар" сарайында "Наурыз Jaz Zhiger" Жігер ансамблінің концерттік бағдарламасы;

Астана Опера театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында "Тал бесіктен – жер бесікке" концерті;

Сондай-ақ музыкалық жас көрермен театрында, "Жастар" театрында, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылымдар өткізіледі.

15 наурыз - Қайырымдылық күні

Алматы ауданында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ, мерекелік сусын – Наурыз көже таратылады;

"Жанашыр" қарттар үйінде, 2 көпшілік кітапханада, Қуыршақ театрында, "Жастар" театрында Нұра ауданында түрлі іс-шаралар өтеді;

Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда "Наурыз айы туғанда" концерті (кешкі сағат 19:00-де);

180-ге жуық мұқтаж адамға азық-түлік і тапсырылады;

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығы волонтерлері тұрғындарға бауырсақ пен шоколад таратады;

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

музыкалық мектептерде, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ұлттық танымдық іс-шаралар өтеді;

Қуыршақ театрында "Ер Төстік" қойылымы (12:00-де және 16:30-да);

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда сағат "Жетісу әуендері" концерті (сағат 17:00-де);

· Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Оралхан Бөкейдің "Ауыл хикаялары" драмасы;

Бұдан бөлек, қаланың халық көп жиналатын орындарында Наурыз мейрамына арналған түрлі мерекелік іс-шаралар мен флешмобтар өтеді.

17 наурыз - Шаңырақ күні

"Бәйтерек" монументі алдында ұлттық киім киген жастардың некелерін қию салтанаты (сағат 17:00-де);

Музыкалық жас көрермен театрында "Ғашық-Жүрек" поэтикалық-музыкалық қойылымы және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында театр қабырғасында отау құрған 14 жұппен кездесу (сағат 19:00-де);

"Жастар" театрында Б.Соқпақбаевтың "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық... " қойылымы (сағат 19:00-де);

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Оралхан Бөкейдің "Ауыл хикаялары-2" драмасы;

Ал перинаталдық орталық пен ауруханаларда жаңа туған сәбилердің ата-аналарын құттықтау іс-шаралары өтеді.

18 наурыз - Ұлттық киім күні

"Sana" қосымша білім беру орталығында ұлттық киімдердің көрмесі;

"Атамекен" Қазақстан картасы Мемлекеттік бас туының алдында Мәдениет қайраткерлерінің, танымал өнер жұлдыздарының, театр әртістерінің қатысуымен "Ұлттық киім күні" тақырыбына арналған челленджі;

19 наурыз – Жаңару күні

Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық құндылықтарды дамытуға және танымал етуге елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін марапаттауға арналған "Наурыз Ұлттық сыйлығы" өтеді (19:00-де);

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Қанат Жүністің "Алаш жолы" драмасы;

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлерінің арасында тоғыз құмалақтан турнир;

Арғымақ кешенінде Ұлттық спорт түрлерінен (аударыспақ, тенге ілу, қыз қуу, көкпар, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ) жарыс ұйымдастырылады (сағат 10:00-15:00 аралығында);

21 наурыз – Ынтымақ күні

Қалалық алаңда, ЭКСПО аумағында, "Қазақ елі" монументінің алаңында, "Бәйтерек" монументі алаңында, Орталық парк және қаланың шеткі аумақтарында Наурыз – береке бастауы іс-шаралары;

Халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениет фестивалі;

Ататүрік саябағында "Қош келдің, Әз-Наурыз" театрландырылған қойылым;

қаланың орталық алаңында "Рухты тіл, қазыналы дәстүр" бесік жыры байқауы;

Сондай-ақ Қуыршақ театрында, Музыкалық жас көрермен театрында, Жастар сарайында түрлі қойылымдар қойылады.

22 наурыз – Жыл басы

Бұл күні "Наурыз – береке бастауы" іс-шаралары, ал Халықаралық көрме орталығындағы көшпелі өркениеттер фестивалі өтеді.

Сонымен қатар, Жазушылар аллеясы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ, "Көктал" саябағы, "Қорғалжын" саябағы секілді өзге де орындарда Наурыз мерекесіне арналған түрлі іс-шаралар өтеді.

23 наурыз – Тазару күні

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында А.Елгезектің "Болмаған балалық шақ" драмасы;

Байқоңыр және Сарыарқа аудандыраныда қала тұрғындарының қатысуымен тазалық акциясы өткізіледі;

"Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясы (сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін). Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару;

"Тазалық эстафетасы" аясында "Тазару" жалпы қалалық экологиялық акциясы. Соның аясында аулаларды қар мен қоқыстан тазарту жоспарланып отыр;

Сондай-ақ Нұра ауданының бастамасымен елордада "Армандар шаңырағы" әлеуметтік акциясы басталды. Оның аясында елордалық меценаттар мен кәсіпкерлер Нұра ауданының 70 баласының арманын орындайды. Олар балаларға 21 наурызға дейін сыйлықтар табыстайды.