Майқайыңдағы шахтаға жақын орналасқан үйлер көшірілуі мүмкін

Баянауыл ауданының әкімдігі төтенше жағдай жариялады.

Майқайыңдағы шахтаға жақын орналасқан үйлер көшірілуі мүмкін
Astana.tv
1113

Майқайыңдағы шахтаға жақын орналасқан үйлер көшірілуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Баянауыл ауданының әкімдігі төтенше жағдай жариялады. Оған үйлер орналасқан жерлерде жарықшақтардың пайда болуы себеп болған. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы құрылған комиссия жердің опырылу қаупін анықтамақ.

Естеріңізге салайық, "Майқайың алтын" шахтасындағы апаттан кейін тұрғындар үйлердің асты қуыс болуы мүмкін - деп дабыл қаққан болатын. Ел ішінде "Шанхай" аталып кеткен шағын ауданда 100-ге жуық үй бар. Олар шахтаға тым жақын орналасқан. Бар жоғы -500 метр ғана.

"Баянауыл ауданының әкімдігі кеніш пен кент аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Себебі, тұрғын үйлерге төнген қауіптің қаншалықты екендігін анықтау керек. Ол үшін арнайы сараптама жасалуы керек. Осы мақсатқа қаражат бөлу үшін сұраныс жасалынды. Бұл жұмыстармен жергілікті атқарушы органдар айналысып жатыр", - деді Облыстық ТЖД бастығы.

Ал шахтаға құлаған 2 құтқарушы әлі табылмады. Себебі, жердің опырылу қауіптілігіне байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылған. Оны жалғастыру үшін кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек. Бұған "Майқайың-алтын" шахтасы қаржы жоқ деп қол қусырып отыр.

Серіктес жаңалықтары