675
Қазақстандықтар тапқан табысының жартысын тамаққа жұмсайды – Ұлттық статистика бюросы
2023 жылдың IV тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай шығысы орташа есеппен 277 202 теңге болған.
Қазақстандықтар тапқан табысының жартысына жуығын әлі де тамаққа жұмсайды, бұл дерек статистика бюросының 2023 жылғы IV тоқсандағы мәліметіне негізделген.
Сонымен қатар, 2023 жылдың IV тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай шығысы орташа есеппен 277 202 теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 12,3%-ға жоғары.
Халықтың ақшалай табысы жан басына шаққанда орта есеппен 305 884 теңге деп көрсетілген, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 21,2%-ға жоғары.