Әнші Шахизада жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Өнер иесі бүгінде жалғыз емес екенін айтып, сүйіктісін жолықтырғанын мәлім етті.

Әнші Шахизада жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Шахизада. Фото: instagram.com/shahizada.art
1547

Танымал әнші Шахизада «Махаббатпен сырласу» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өміріндегі жаңалығын бөлісті.

Өнер иесі бүгінде жалғыз емес екенін айтып, сүйіктісін жолықтырғанын мәлім етті.

«Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іс-сапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Уақыт табуға, бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін. Мені жақсы көретін азаматты жолықтырдым», – деді әнші.

Ол сүйіктісімен бақытты болғанымен болашақта тұрмысқа шығуға ниетті емес екенін жеткізді.

«Өзім үшін өмір сүремін. Бірақ тұрмысқа шықпаймын. Әйел болғаннан кейін қасыңда сүйіктіңнің болғанына не жетсін?! Өнер адамдарының бәріне махаббат керек. Махаббат болса керемет әндер дүниеге келеді. Менің репертуарым да махаббат туралы әндермен толықты», - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары