Шымкент тұрғындары жарықсыз қалды

300 абонентті жарыққа қайта қосу жұмыстары жалғасуда.

Шымкент тұрғындары жарықсыз қалды
kaztag.kz

Шымкентте 3 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымкентте «Солтүстік Саяжай», «Достық», «Нұршуақ», «Солтүстік Батыс» шағын аудандарында 3 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оған апатты  жағдайлар себеп болған.

Арнайы бригада ақауды қалпына келтіру бойынша тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 2700 абонентке электр жарығы берілді. Қалған 300 абонентті жарыққа қайта қосу жұмыстары жалғасуда.