Астанада мешіттер жанынан арнайы автобустар қатынайды

Бұл туралы CTS компаниясы мәлімдеді.

Астанада мешіттер жанынан арнайы автобустар қатынайды
sputnik.kz
883

Астанада 11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында Тарауих намазынан кейін мешіттер жанынан арнайы автобустар жүреді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы CTS компаниясы мәлімдеді.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.

«Республикалық Бас мешіт» мешітінің бағыттары:

- Целинный шағын ауданы;
- Есу арнасы;
- Республика даңғылы.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:

- «Спутник» супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- «Көктал-1,2» елді мекендері.

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:

- «Көктал-1,2» елді мекендері;
- Теміржол вокзалы;
- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:

«Көктал-1,2» елді мекендері;
- «Кирпичный» елді мекені.

«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:

- «Рахмет» СО.

«Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген. Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді. Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады», - делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары