836
Жетісайда 60 отбасыға пәтер кілті табысталды
Алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.
Жетісай ауданында 60 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі мәлім етті.
«Бес қабаттан тұратын үйлердегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері мен көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді»,- деп хабаралды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.