Головкин боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

Аталған сында Париждегі Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр

Головкин боксшыларды қолдау үшін Италияға барды
olympic.kz

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы турнирге боксшыларымызды қолдау үшін барды, деп жазады turkystan.kz.

Аталған сында Париждегі Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.

«ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары», - делінген ресми хабарламада.