Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар уақытша өшірілді

2 GIS және Яндекс карталарының қосымшаларында маршруттардың қозғалысы туралы ақпаратты бақылауға болады.

Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар уақытша өшірілді
Астана әкімдігі
843

5 наурыздан бастап жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты елорданың аялдама пункттерінде ақпараттық таблолар уақытша ажыратылды. Бұл туралы turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Аялдамалардағы ақпараттық тақталар уақытша өшірілген. Сервистік қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ақпараттық таблолардың жұмысы қайта басталады.

Естеріңізге сала кетейік, avtobys, 2 GIS және Яндекс карталарының қосымшаларында маршруттардың қозғалысы туралы ақпаратты бақылауға болады.

Серіктес жаңалықтары