Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖД бастығы үндеу жасады (ВИДЕО)

Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖД бастығы үндеу жасады (ВИДЕО)
Нұрлан Атығаев. Фото: ҚР ТЖМ

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты. 

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары, Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды. Паникаға бой бермеңіз. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін ғимараттардан шығыңыз, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпараттарға сеніңіз. Назар аударыңыз! Сирена сигналын естігеннен кейін құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат жеткіземіз, - деді Атығаев. 

Айта кетейік, бүгінгі жер сілкінісі Алматыда — 5 балл, Жетісу облысында — 2 балл көлемінде сезілді.